Мемлекеттік тіл және халықаралық шекаралық ынтымақтастық

20.04.2018

Павлодар облысы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ұзақ мерзімді мәдениетаралық ынтымақтастықты іске асыру, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тармағы шеңберінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан шекаралас өңірлерде тегін қазақ тілін оқыту курстары өткізіліп келеді.

Курстың мақсаты Ресей Федерациясында тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.

Шараның салтанатты ашылуы 2018 жылғы 16 сәуірде Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасуық ауданында өтіп, облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Ғ. Османова, Қарасуық  ауылдық округінің әкімшілігі, ақсақалдар кеңесі және қоғам төрағалары қатысты.

Бұл іс-шара Наурыз мейрамы мерекесін өткізу шеңберінде облыста жарияланған тілдер мерекесімен  тұспа-тұс дәл келді.

Оқытуға қазақ диаспорасынан жергілікті 50 өкілі тартылып, «Қазақ тілінің интенсивтік курсы» атты жаңа инновациялық әдіс арқылы тілді меңгереді. Қазақ тілін меңгеруге арналған курстарды көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, жетекші әрі тәжірибелі қазақ тілі маманы Ш.Д. Кинжикова жүргізеді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру