ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26.01.2024

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ғылыми-зерттеу институттарының жоғары оқу орындарының директорлары, проректорларымен, ғалымдарымен және мамандарымен кездесу ұйымдастырып, жалпы үш жүзге жуық адамды қамтыды.

Кездесуге сондай-ақ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А.Фазылжан, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның Бас директоры М.Жұмабай қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында күн тәртібіне қазақ тілінде жасанды интеллект құру және Ұлттық корпустарды дамыту мәселелері енгізілді.

Алғысөзбен кездесуді вице-министр Дархан Ахмед-Заки ашты. Ол қазақ тілінде жасанды интеллект құру еліміздің оқу орындарында жинақталған мәтіндік, аудио, бейнеконтенттің үлкен көлемін талап ететінін атап өтті. Мәтіндік контенттің басым бөлігін ұзақ жылдар бойы қазақ тілінің корпусын жасап келе жатқан «Тіл-Қазына» ҰҒПО, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев Университеті және әл-Фараби атындағы КНУ ұсынатын болады.

Корпусты әзірлеушілер өз баяндамаларында қатысушыларды алдағы жылдарға арналған жұмыстарымен және жоспарларымен таныстырды.

Вице-министр жүргізілген жұмысты жоғары бағалай келе: «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қысқа мерзімде корпустардың және ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында жинақталған контентті тапсыру керек. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілік пен өзара ынтымақтастықты қажет етеді» - деді.

Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр «Тіл-Қазына» ҰҒПО Бас директоры М.Жұмабайға осы бағыттағы жұмысты үйлестіруді тапсырды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру