Ағылшын дінтанушысы К. Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабы қазақ тіліне аударылды

24.04.2018

Қоғамды орға жығар теріс ағымдардан арылтып, ізгі жолдан адастырмайтын діни сауат ашу. Осы бағытта ғылыми танымдық тұрғыда жазылған әлемдік дейңгейдегі іргелі еңбек қазақ жастарының қолына тиді. Танымал  ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтың 30-дан астам тілге аударылған «Құдайтану баяны» атты кітабы енді төл ана тілімізге тәржімаланды. 570 беттік әдістемелік құрал салыстырмалы негізде құралған. Отандық ғалымдар дүниежүзілік сұраныстағы еңбектің мән-маңызын жоғалтпай, тікелей түпнұсқадан аударды.

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЕВ, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Яһудиден, христандықтан, исламнан шыққан филосфтардың өзара құдай туралы түсініктерін салыстырады. Екінші сопылар, мистиктер, каббаристер бұлардың да өзара қарым-қатынасын салыстыру арқылы көрсетеді. Одан кейін үшінші ағартушылық. Исламнан шыққан ағартушылардың кімдер екендігігі, олардың батыстан алған әсерлерін, ықпалдарын өздерінің қоғамындағы мәселелеріне уақыты мен кеңістігіне қалай тұжырымдады? Осының бәрі өте керемет салыстырумен берілген.

Кітаптың жарық көруі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының алғашқы жемістерінің бірі. Дін жолындағы имамдар мен теолог мамандардың жоғарғы бағасына ие болған еңбек еліміздің жоғарғы білім ордаларының алдағы оқу бағдарламасына еңгізілетін болады.

ҚАРЛЫҒАШ ЖҰМАДІЛ, СТУДЕНТ:

 - Бұл 90 жылдары жазылған кітап. Әлемдік тәжірибедегі кітаптардың озығы. Алайда қазір ғалам дамып жатқандықтан, алдағы уақытта ұлттық аударма бюросы XXI ғасырда жазылған кітаптардың барлығын аударса деген үлкен үмітіміз бар. Дін саласында мамандармен жұмыс жасап, кітаптарды аударатын болса, ол бізге үлкен бір тың жұмыс болатын еді. Мамандарды даярлауға жақсы көмек болар еді деп санаймыз.

Жаһандық ғылым мен білім саласындағы озық ойды жастардың санасына құюды көздейтін жоба аясында әзірге 18 оқулық жарық көрді. Игі іс бұнымен тоқталып қалмақ емес. Ұлт санасын қалыптастыру қамында  биыл тағы 30 іргелі еңбекті мемлекеттік тілге тәржімалау міндеті тұр.

ГҮЛЖИХАН НҰРЫШЕВА, ПРОФЕССОР, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Дерик Джонсон деген батыс философының «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дилидаға дейін» атты оқулығын аударып шықтық. Бұл кітап адамның жалпы ой-өрісін дамытуға, қоғамдық сананы одан әрі жетілдіруде ерекше үлес қосады деп ойлаймын. Қазір енді Энтони Кенидің 3-4-ші томын аударып жатырмыз. Осы еңбекті жалғастырып жатырмыз. Яғни тәжірибеміз одан сайын кеңейе түседі деп айтуға болады.

Жоба атауы шартты түрде «100 оқулық». Дейтұра сұраныс артып жатса, қазақ тіліне тәржімаланатын кітаптар бұл саннан да көп болуы мүмкін. Өйткені оқу орындарынан әу бастан-ақ жобаға лайықты деген 800-дей ғаламдық еңбекті аудару ұсынысы түскен.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру