ТІЛ БІЛУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША МИНИМУМДАР ӘЗІРЛЕНБЕК

19.02.2024

ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, «А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар әзірлеу» жобасы бойынша онлайн-кездесу өтті.
Қазақ тілін меңгеру стандарттарын әзірлеудің өзектілігі талқыланды.

Комитет төрағасы Е.Тілешов:
«Қазіргі кезеңде тиісті лексикалық минимумдар анықталмағандықтан, күнделікті ауызекі тілде жиі қолданылмайтын сөздер оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда көптеп кездеседі. Лексикалық минимумға мән берілмегендіктен, оқулықтар мен оқу құралдарында қажетсіз грамматикалық материалдар шамадан тыс кездесіп жатады. Бұл тіл үйренушінің күнделікті қажетті лексикалық сұранысын ескермегендіктен туындайды. Біз міндетті лексикалық минимумды қалыптастырғанда ғана қазақ тілін үйрету саласындағы олқылықтарды жоя алатын боламыз», – деді.

Сондай-ақ талқылауға ф.ғ.д., профессор З.Ш. Ерназарова, ғылым магистрі Л.Қ. Есбосын, ф.ғ.к., Ж.М. Ысқақова, ф.ғ.к., Г.А. Мұсаева сияқты білікті мамандар қатысты.

Осы тілдік минимумдар қабылданғаннан кейін елімізде қазақ тілін үйрету жүйесінің сапасы артпақ.

 

 
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру