Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар дайындау конкурсы

26.03.2024

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін қалыптастыру, шетелдік азаматтар тарапынан сұраныстың артуына байланысты қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдарының электронды және баспадан шығару жұмыстарын ұйымдастыру, сұранысқа ие бағыттар бойынша жұмыс дәптерлері мен мәтіндер жинағын, әдістемелік жинақтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу бүгінде өзекті.

Сондықтан отандық әдіскерлер мен ғалымдардың мемлекеттік және этнос тілдерінің аясын кеңейту мақсатында әзірлеген озық, заманауи өнімдерді және қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінде отандық және шетел ғалымдарының, әдіскерлерінің жетістіктерін қолдана отырып, бірлесе оқу-әдістемелік өнімдерін шығару көзделеді.

Осыған орай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілдік капиталын дамыту, шетелдегі қандастарымызды әдістемелік қолдау мақсатында мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленбек. Ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктері іріктелініп алынып, баспа түрінде әзірленеді және таратылады. Қабылданған өнімдердің ішінен Сараптау комиссиясы Ереженің негізінде сапалы өнімдерді анықтап, үздік оқу-әдістемелік құралдарды іріктейді. Дайын өнімдер өңірлік тіл орталықтарына және келісілген жіктемедегі мекемелерге таратылып, электронды нұсқалары сайтқа жүктеледі.

Өтінімдер 2024 жылдың 26 наурызынан бастап 30 маусымына дейін қабылданады.

 

Байқаудың ережесі және өтінім беру формасы: https://docs.google.com/document/d/1VUYTbFndlfvr_qfKCChziG5AdpRY7isx/edit?usp=sharing&ouid=101594855856241942379&rtpof=true&sd=true

Пікірлер (1)
user1878
27.03.2024
Проведение конкурсов на государственном языке это очень актуально и правильно 😍👍
Пікір қалдыру