Үкімет отырысында Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы қаралды

17.07.2024

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жасанды интеллектті дамыту бағытындағы жобаларды іске асыру туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.

«Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Министрлік «KazLLM» үлкен тілдік моделінің жобасын әзірлеу үшін деректер массивін жинауды жүргізуде. Жалпы деректерді жинау нәтижесінде қазақ тілін өңдеудің жоғары сапалы моделі жасалатын болады. Болашақта бұл автоматты аударманы жақсартуға ғана емес, жалпы қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеудің сапасы мен дәлдігін арттыруға көмектеседі,» деді министр.

Бұдан бұрын деректерді жинау үшін Министрлік консорциум құрған болатын. Оған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Satbayev University, Nazarbayev University, ҚазҰУ сынды жоғарғы оқу орындары кірді.

«KazLLM» үшін деректер массивтерін толтыру мақсатында консорциум, ЖОО және мемлекеттік органдар деректерді «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне беруді жүргізеді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру