«ЛЕКСИКА-ГРАМАТИКАЛЫҚ МИНИМУМ» БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

15.11.2024

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 15 қараша күні «Лексика-грамматикалық минимум әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық семинар өткізді. Семинар тіл оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындары мен мектеп оқытушыларына, әдіскерлеріне арналды. 

Бұған дейін тіл үйренушілер мен тілші мамандар үшін қазақ тілін оқытуда деңгей бойынша лексика мен грамматиканы таңдап алу, деңгейге сай лексиканы үйретуде қиындықтар туындаған. Осы мәселені шешу мақсатында Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен барлық білім беру деңгейлері мен жалпы кез келген тіл үйренушіге арналған лексика-грамматикалық минимум әзірленді. Бұл еңбек «Тіл-Қазына» орталығының және республикамыздың тәжірибелі ғалымдары мен практик мамандарының бірлескен жұмысының жемісі.

Республикалық іс-шараны Тіл саясаты комитетінің төрағасы Тілешов Ербол Ердембекұлы ашып, тілді екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінде лексика-грамматикалық минимумның маңыздылығына тоқталып өтті.

Әдістемелік семинар барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Лингвистикалық бағыттағы пәндер» бөлімінің басшысы Дәулеткереева Нұрлыгүл Жүзбайқызы лексика-грамматикалық минимум әзірлеуде халықаралық тәжірибеге сүйенудің маңызын атап өтсе,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Мұсаева Гүлбағиза Абласымқызы грамматикалық минимум әзірлеу қағидаттары мен тіл оқытудағы қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталды. Ал Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы Балабеков Айдар Қалайбердіұлы лексика-грамматикалық минимум негізінде оқулық әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Офлайн және онлайн форматта өткен семинарға 100-ге жуық тыңдаушы қатысты. Іс-шара соңында әдіскер-ғалымдар лексика-грамматикалық минимумның қазақ тілін оқыту әдістемесінде қажет екенін атап өтіп,  еңбекке оң бағаларын берді.

 

Семинарды төмендегі сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз: lVzQzawWHT_iaC6aZcZPe1I84FpQLH50SqgpfI_DCSuzN-Y03DdU5GVls5hTcUJu.RcQmkbY5WU86SFsS

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру