«Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары электрондық жинақ болып шығарылды

11.12.2024

Ә.Қайдар мен академик Р.Сыздықтың 100 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы жарық көрді. Конференция 2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылды. Жинаққа отандық және шетелдік тіл мамандары мен түркітанушылардың, терминолог мамандардың  мақалалары енгізілген. Басылымда тарихи түркі тілдеріндегі тәжірибені пайдалану арқылы қазіргі түркі тілдері кезеңіндегі терминологияны жетілдірудің жолдары қарастырылған. Еңбек ғалымдарға, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ терминология саласы қызықтыратын барлық оқырманға арналған. Төмендегі сілтемелер арқылы жинақты жүктеп алып, таныса аласыздар.

https://tilalemi.kz/kz/library/list

https://termincom.kz/books

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру