Түркі жазбалары – өткенді тану

17.05.2018

2018 жылғы 11 мамыр күні Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» концерттік залында бүгінде дәстүрге айналып келе жатқан айтулы күндердің бірі Түркі жазбалары күндеріне арналған іс-шара болып өтті.  Концерттік бағдарлама бастамасы бабалар құндылығынан сыр шертетін «Ұлы дала өрнегімен» өрнектелген «Қобдиша», «Мәдени мұра» сынды ұйымдардың жәрмеңкесінен  бастау алып, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанынан ашылған оркестордың бабалар үнін жеткізетін әуенмен жалғасын тапты. 

Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ, бүгінде Рухани жаңғыру аясында қолға алынған латын жазуының табиғаты, жалпы түркілік сипаты, жазу тарихындағы қыр-сырын қамтитын деректі фильм көрсетіліп, көп ұлтты Қазақстан тынысындағы қазақ, татар, әзірбайжан, өзбек, қабардин-балқар сынды Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдарының шығармашылық қырларын қамтитын танымдық кешке айналды.

Сонымен қатар, тіл мәртебесін арттыру мақсатында түрлі қызметтер атқарып жүрген азаматтар (Х.Ш.Гулов, Ғ.Е.Иманбаева, Б.С.Сыздықов, А.Н.Мирахмедов, Э.С.Паули) алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру