«Тіл‑Қазына» ұлттық ғылыми‑практикалық орталығының ғылыми кеңесінің отырысы өтті

10.07.2025
Таңдаулыларға
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл‑Қазына» ұлттық ғылыми‑практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабайдың жетекшілігімен орталықтың ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Жиында орталықтың қызметін жетілдіру, ғылыми бағыттарды нығайту мәселелері жан‑жақты талқыланды.
Отырыстың басты жаңалығы — ғылыми кеңестің жаңа құрамының жасақталуы болды. Кеңес мүшелері қазақ тілінің дамуына ықпал ететін ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, сараптамалық‑талдамалық жұмыстар жүргізуге және тілдік ұсыныстар әзірлеуге атсалысады.
Кеңес барысында қатысушылар алдағы кезеңге арналған жоспарлармен танысып, бірқатар маңызды бастамалар мен ұсыныстарды ортаға салды.
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру