«Тіл-Қазына» орталығы мамандарының мақаласы Scopus базасындағы рейтингісі жоғары журналда жарияланды

25.07.2025

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ӘдістемеLab бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Искакова мен ӘдістемеLab жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор Ләйлә Мұратқызы Демесінованың «The Home/Homeless Archetype in Modern Kazakh Literature» атты ғылыми мақаласы Scopus базасындағы рейтингісі жоғары халықаралық ғылыми журналда жарияланды.

 

Зерттеуде қазіргі қазақ әдебиетіндегі «баспана» архетипінің көркемдік табиғаты, баспана ұғымының қазақ және шетел әдебиетіндегі мәдени-философиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтары жан-жақты талданады.

 

Мақала – қазақ әдебиетінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін халықаралық ғылыми деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды қадам. Авторларды беделді басылымда мақаланың жариялануымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру