«Тіл-Қазына» қызметкері алғысхатпен марапатталды

14.08.2025

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың қара сөздері — тіл мәдениетінің үлгісі» атты танымдық іс-шара өтті. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ӘдістемеLab бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Мұратқызы Демесінова іс-шара аясында орталықтың өнімдерін таныстырып, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының директоры Оқас Базарғалиұлы Сапаров Ләйлә Мұратқызына болашақта шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілеп, алғысхат табыстады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру