«Тіл-Қазына» орталығы мамандарының ғылыми мақаласы жарық көрді

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы, «Қолданбалы лингвистика» бөлімінің басшысы София Қажыақпарқызы Идрис және «Қолданбалы лингвистика» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Алмажан Қадырханқызы Қадырханның «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» журналында «Қазіргі телебағдарламалар тілі» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.
Мақалада «Қазақ тілі ұлттық корпусының» бес кіші корпусы негізінде телебағдарламалар мәтіндерінің тілдік ерекшеліктері талданған. Жаһандану мен бұқаралық коммуникацияның дамуы қазақ тілінің стилистикалық жүйесіне және әдеби тіл нормаларына ықпал ететіні көрсетілген. Сонымен қатар телебағдарлама тілін арнайы зерттеулердің аздығы айтылып, сапаны арттыруда үлкен тілдік модельдерді (LLM) қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.