Астанада «Заң саласының терминдері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

11.09.2025

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Заң саласының терминдері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Мақсұт Нәрікбаев университетінің студенті Исмаил Шұғыла Ұланқызына табысталды. Бірінші орын Астана қаласы Полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция майоры Сатыбалдиева Арайлым Есенгелдіқызына бұйырды. Екінші орын Мақсұт Нәрікбаев университеттің студенті Шеркешбаева Ділназ Қуандыққызына берілді. Үшінші орынға Қызылорда қаласының мұғалімі Аймыратова Гайнегүл Абдижанқызы мен Мақсұт Нәрікбаев университетінің студенті Жолдас Кенжегүл Міржақыпқызы лайық деп танылды.

 

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтарына Ирсалиева Илмира Бахадирқызы, Қожамұрат Дархан Асхатұлы, Қабылжанова Гүлнар Түсіпханқызы және Қахарман Диана Нұржанқызы ие болды.

 

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, ҚР Парламентінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Совет Алтайбаев қатысып, құттықтау лебізін білдірді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру