«Тіл-Қазына» атқарушы директоры «Мемлекеттік тілді оқытудың заманауи технологиялары» семинар-кеңесінде баяндама жасады

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Қожаққызы Есбосын Қосшы қаласында өткен «Мемлекеттік тілді оқытудың заманау технологиялары» семинар-кеңесіне қатысып, баяндама жасады.
Семинардың басты мақсаты - мемлекеттік тілді оқытудың жаңа тәсілдері мен заманауи технологияларды тәжірибеде қолдану жолдарын талқылау. Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қажиахметов Қуаныш Қайыргелдіұлы, Қосшы қаласы Тілдерді оқыту орталығының директоры Әлия Қуатжанқызы Мусаева, Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы семинарға қатысып, сөз сөйледі.