«Тіл-Қазына» орталығының ғалым хатшысы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумына қатысты

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова Қарағанды қаласында өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумына атысып, баяндама жасады.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген форумға ингвистер, ғалымдар, тіл жанашырлары, жергілікті билік өкілдері мен БАҚ қатысты. Дана Жаңабекқызы «Тіл үйретуге арналған ІТ жобалар» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тілін оқытудағы инновациялық тәсілдермен бөлісті.
Форумда қазақ тілін дамыту, оның ішінде заманауи оқыту әдістері, мемлекеттік тілді қолдануға деген қажеттілікті қалыптастыру, тілді үйретуге арналған IT-жобалар, қазақ тілінің қолдану аясын барлық салада кеңейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қазақ тілін оқытудағы жаңа әдістемелер мен IT-технологиялар таныстырылды.