«Тіл-Қазына» орталығының маманы «тілдерді оқытудағы инновациялық және интерактивті әдіс-тәсілдер» республикалық семинарына қатысты

15.09.2025

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ӘдістемеLab бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Искакова «Тілдерді оқытудағы инновациялық және интерактивті әдіс-тәсілдер» республикалық семинарына қатысып, «Тіл оқытуда лексика-грамматикалық минимумды пайдалану жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

 

Семинарға жалпы 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясаты комитеті», А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мен өңірдегі тіл оқыту орталықтарының тіл мамандары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, медиа өкілдері.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру