Абай институтының жетекшісі Айнұр Төлеу shalqar.fm әуе толқынында сұхбат берді

23.09.2025
Таңдаулыларға
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Абай институтының жетекшісі, әдебиеттанушы, ақын Айнұр Болатқызы Төлеу shalqar.fm радиосының әуе толқынында сұхбат берді.
Тікелей эфирдегі басқосу «Жасанды интеллект дәуіріндегі ұлттық білім: Президент жолдауындағы стратегиялық бағдар» тақырыбына арналды.
Сұхбат барысында Айнұр Болатқызы еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа үрдістер мен Президент Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді талдап, жасанды интеллект дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау жолдарын саралады. Сондай-ақ ұлттық білім берудің келешегі, ғылым мен инновацияның сабақтастығы, заманауи технологияларды игеру барысындағы ұлттық мүдденің маңызы жан-жақты қарастырылды.
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру