«Тіл-Қазына» орталығының мамандары «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты семинарына қатысты

30.09.2025

Бүгін Астана қаласы «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» жанындағы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты қалалық оқу-әдістемелік семинары өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – қазақ тілін оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу, тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру жолдарын талқылау. Семинарға қала мектептері мен оқу орталықтарының қазақ тілі мұғалімдері қатысып, жаңа әдістемелерді тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

 

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы пен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жобаларды басқару орталығының басшысы Сандуғаш Баймаханқызы Кенжебаева, ӘдістемеLab бөлімінің жетекшісі Жазира Мақсұтқызы мен жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Мұратқызы қатысып, баяндама жасады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру