Жексенбілік мектептер курсқа шақырады

29.05.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» Мәдени мекемесі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады. Дәстүрлі курсқа этностық топтардың өкілдерін, ұлттық-мәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелерін, ұлттық (ана) тілін оқып үйренуге мүдделі өзге де азаматтарды тегін оқуға шақырады. Оқу курс мерзімі үстіміздегі жылдың маусым-қараша аралығы. Тіл үйренушінің жасына шектеу жоқ. 

Бұл тілдік курстарында мемлекеттік (қазақ тілі) және этностардың (армян, әзірбайжан, балқар, белорус, болгар, венгр, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, қырғыз, молдаван, неміс, орыс, осетин, өзбек, поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен) тілдерін үйретеді.

Оқытудың бағдарламасын игеру нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификат табысталады.

Байланыс нөмірлері: +7 701 355 64 12, +7 705 950 59 49

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру