Республикалық "Тіл шебері-2018" байқауы өтеді

05.06.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету мақсатында, үш тілді жетік меңгерген  жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері - 2018» республикалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты:

1) Жаһандық өркениет пен еліміздің  даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы  мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау көрсету; 

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

Конкурс үш кезеңнен тұрады: 

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу (қазақтың ұлттық киімінде  үш минуттан көп емес өнер көрсету);

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру (классикалық стильде бес минуттан көп емес өнер көрсету). Екі кезеңнен өткен қатысушылар (ұпайы жоғары) келесі кезеңге қатысады;

3) «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту (классикалық стильде өнер көрсету).

Дәстүрлі шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Ақмола облысы Бурабай ауданының зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Конкурстың  өткізілетін орны мен уақыты:

 Ақмола облысы, Бурабай ауданы  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы , 2018 жылғы 15 маусымы, сағат 14.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-97; 8 701 451 14 17, 8 705 100 59 08

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру