«Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми–тәжірибелік негіздері» атты республикалық конференция өтеді

09.06.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2018 жылғы 11 маусым күні «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты республикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі емле ережелерінің тұжырымдамасын қабылдау. Конференцияның пленарлық мәжілісінде латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиіне көшудің басты емлелік, терминжасам қағидаттары нақты айқындалмақ.

Секциялық мәжілісте жаңа емле ережелерді апробациялау мәселелері, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі терминологиялық және ономастикалық мәселелер пысықталып, жаңа әліпбиге көшудегі техникалық-ақпараттық даярлық барысы талқыланады.

Жұмыс барысында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс топтарының лингвистикалық ортақ мәселелері қаралып, жаңа міндеттер анықталады деп күтілуде

Ісшараға еліміздің жетекші лингвист ғалымдары, Парламентінің депутаттары, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия және жұмыс топтарының мүшелері, Терминология және ономастика комиссиясының мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті залы

Өткізілетін күні: 2018 жылғы 11 маусым

Басталуы:сағат 10:00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 27-98-36, 8771 208 69 24

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру