Әдіскерлерге арналған республикалық онлайн семинар өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 25 шілдеде «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» республикалық онлайн семинарын өткізеді.
Өтетін орны: "ҚазМедиа Холл” киноконцерт залы. Астана қ., Д. Қонаев көш, 4
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 25 шілде, сағат 15.00
Онлайн семинарының мақсаты – оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалымен және тіл үйретудегі жаңа тенденциялармен танысуды онлайн режимде жүзеге асыру арқылы қазақ тілін меңгертудің әдістемесін жаңа деңгейге көтеру.
Онлайн семинар барысында ғалымдар мен білікті мамандар «Тіл үйрету әдістемесі: халықаралық байланыс», «Ағылшын тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдардың жай күйі», «Қазақ тілін лексикалық минимум арқылы оқыту тәжірибесі», «А.Ж.Хог әдісі бойынша оқылым дағдысын қалыптастырудың креативті жолдары» тақырыптары аясында баяндама оқып, семинарға қатысушылар онлайн режимі арқылы өзара тәжірибе алмасатын болады.
Онлайн семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының мамандары және әдіскер-ғалымдар қатысады.
Байланыс телефондары:8(7172) 740877, 408367, +77051005908