Астанада тегін тіл курстары ашылды

22.08.2018

 

Астанада «Тілдер саябағы» әлуметтік жобасы өз жұмысын бастады, оның аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің курстарына жазылып, тегін оқуға болады.

Тілдер саябағы - қала тұрғындарына саябақтарда үштілділік бойынша, тегін үш тілді үш ай бойы оқытуға бағытталған әлеуметтік жоба.  Дайындық деңгейі «Beginner» және «Elementary». Бағдарлама 6 жастан бастап түрлі жастағы адамдарға арналған.

Басты мақсат - Президент реформаларын жүзеге асыру, қала саябақтарында тегін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту. Курсты оқып, аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Сабақтар аптасына үш рет «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына қарсы «Ғашықтар» саябағында өтеді.

Сабақ кестесі:

Ағылшын тілі

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма

9:30-11:00 аралығында 14-18 жас аралығындағы жастар;

11:00-12:30 аралығында 14 жасқа дейінгі балалар;

18.30-20.00 аралығында 18 жастан ересектерге дейін.

Қазақ және орыс тілдері

Сейсенбі, бейсенбі, сенбі - топтарға жазылу жүргізілуде.

Тыңдаушыларды сабақтан басқа, қызықты кездесулер, караоке жарысы, кинофильмдер, пікірталас клубтары және тағы басқалар күтеді.

Курсқа тіркелу үшін мына сілтемеге басыңыз.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру