Қазақстандық баспа өнімдері Мәскеудегі көрмеде жоғары бағаға ие болды

21.09.2018

Мәскеуде өткен халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде қазақстандық баспа өнімдері жоғары бағаға ие болды. Әкелінген кітаптардың басым бөлігі алғашқы күндері сатылып кетті. Оқырмандар арасында әсіресе, еліміздің тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы жазылған «Менің Қазақстаным» кітабына қызығушылық мол болды. Сонымен қатар, «Номадтар еліндегі Әмина Тұран» романы зор ықылас иеленді. Бұл – балаларға арналған фэнтези жанрында жазылған қазақ тіліндегі тұңғыш кітап.  Айта кетейік, Мәскеу кітап жәрмеңкесі - Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ауқымды, әрі ежелгі шара. Көрме жыл сайын қыркүйек айында басталады. Биылғы форум балалар әдебиетіне арналды. Онда 25 елдің 300 мыңнан астам туындысы көпшілік назарына ұсынылды.

АЛЬМИРА СУЖИКОВА, «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл біз Зәуре Төреханованың балаларға арналған фэнтэни жанрындағы кітабын басып шығардық. Ол «Алтын қалам» әдеби сыйлығының және «Алтын тобылғы» Қазақстанның Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының иегері. Басылып шыққанына бір ай да болған жоқ, дегенмен сұраныс жоғары. Нәтижесін жақында көреміз.

ЖЕҢІС ҚАЗАНҒАПОВ, БАСПА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Біз бүгінде елімізде және ресейлік оқырмандар арасында сұранысы жоғары кітаптарды әкелдік. Кітаптардың мазмұнынан бөлек, олардың мұқабасына да көңіл бөлдік. Себебі сатып алушылар біріншіден мұқабасына көп көңіл бөледі. Көріп тұрғаныңыздай, түстері өте ашық келген.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру