«English for Jastar» – жаңа жоба

27.09.2018

«Нұр Отан» партиясы 7 мың оқушыны ағылшын тіліне оқытуды мақсат етіп отыр. Бүгінгі таңда 84 ауылдық аймақ пен аудан орталықтарында «English for Jastar» жоба­сының шеңберінде 9-11-сынып оқушы­ларына арналған тегін факультативтік курс­тар бастау алды.

Жоба Мемлекет басшы­сының тапсырмасы шең­берінде іске асып жатқан, үштілділікті енгізу жөнін­дегі ауқымды бағдарламаны қолдау бағытында дайындалды. Басты мақсат – оқу­шы­лардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру­ға және қарым-қаты­нас ма­шығын жақсарту­ға көмектесу. «English for Jastar» қанат­қақты режімде 2 ай бойы жүргізіледі.

Ағылшын тілін оқуды, тілдің қолданушылары мен «Жас Отан» жастар қанаты арнайы іріктеген отан­дық мамандар үйрете­ді. Респуб­лика­мызда үштіл­ді­лікті дамы­туға ниет білдірген ерікті­лердің саны 141 адам болды. Олардың 75-і жоғары оқу орнында білім алып жат­қан студенттер.

Солардың бірі – Абай Мыр­захметов атындағы Көк­шетау университетінің 4-курс студенті Мирас Өзбеков. Ол тілді үйрету жұмысын «Зе­леный бор» ауылында жүзеге асырмақ.

– Менің мақсатым – ауыл­дық мектептердегі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Сонымен бірге мен өзімнің білім деңгейімді арттыра түсуді де жалғастырамын. Бұл мен үшін тиімді тәжірибе болатын шығар деген ойдамын, – дейді ол.

Ағылшын тілін оқыту бойынша факультативтік курстар тағы бір партиялық жоба шеңберінде барлық еліміз бойынша ашылған, 20 коворкинг-орталықта, сонымен бірге Қазақстанның 64 мектебінде ұйымдастырылды.

– Факультативтерде оқу­шылар мектепке қара­ған­да анағұрлым терең білім алатын болады. Сонымен бір­ге таяу уақытта балалар­­дың шет елден келген тіл қол­дану­шыларымен араласуға мүм­кіндігі болады, – деп атап өтті партия хатшысы Тамара Дүйсенова.

«English for Jastar» жобасы жүзеге асып жатқан бар­лық аудандарға қажетті оқу құралдары жеткізілді. Осыған орай 172 Elementary мен Pre-Intermediate оксфордтық құ­рал жиынтығы бөлінді. Әр жиын­тықта оқушыларға ар­нал­ған Student`s Book, тап­сыр­маны жасауға арнал­ған Workbook, сонымен бір­ге ағылшын тіліндегі фильм­дердің DVD-дискілері бар.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру