Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты мерекесі

02.10.2018

2018 жылдың 27 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты мерекесін өткізді.

Мерекелік шараға Қостанай облысының басшылығы, облыстық басқармалардың және аумақтық департаменттердің өкілдері, зиялы қауым, аудан және қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты.

Іс-шара барысында орыс, украин, армян, әзірбайжан, неміс және татар ұлтының отбасылары өздерінің құттықтауларын жеткізді.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спанов тілдік құрылысқа елеулі үлес қосып жүрген Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Джамбурчинаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен, Сарыкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Бекмағанбетованы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің құрмет грамотасымен, сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің алғыс хаттарымен «Қазақстан жазушылар одағы» Қостанай облыстық филиалының директоры Ғ.Ахметчин «Ана тілдің абызы» номинациясы және 70 000 тг. сертификатымен, «Наш Костанай» газеті бас редакторының орынбасары, журналист О.Жақсанов «Тілдің туын көтерген» номинациясы және 50 000 тг. сертификатымен, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының украин тілі оқытушысы С.Ивженко «Ана тілім - ардағым» номинациясы және 30 000 тг. сертификатымен, Денисов ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Е.Масакова «Тілі мірдің оғындай» номинациясы және 25 000 тг. сертификатымен, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы А.Чечеткина «Мемлекеттік тіл – мерейім» номинациясы және 25 000 тг. сертификатымен, Арқалық қаласы тілдерді оқыту орталығының ұжымы «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясы және 25 000 тг. сертификатымен, «Қостанай таңы» газетінің сайты «Тілдің тілекшісі» номинациясы және 25 000 тг. сертификатымен, «Үміт-Надежда» үкіметтік емес ұйымы «Тіл саясатының дамуына қосқан ерекше үлесі» номинациясы және 25 000 тг. сертификатымен салтанатты түрде марапатталды.

Тілдер мерекесі одан әрі Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру