«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» республикалық семинары Жамбыл облысында өтті

12.10.2018

2018 жылғы 10 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы орталығы Қаратау қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" республикалық семинары өтті.

Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Дулатитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова қатысып көпшіліктің сұрағына тұшымды жауап берді. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігін нақты дәлелдермен көпшілікке түсіндірілді. Сондай-ақ ономастика, латыннегізді жаңа әліпби емле ережелеріне кеңінен тоқталды.

Қатысушылар тіл төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Шара ертең Құландыда жалғасады.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру