Онлайн семинар өтеді

09.11.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 16 қарашада «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізеді.

 

Онлайн семинардың мақсаты қазақ тілін меңгертудің әдістемесін жаңа деңгейге көтеру.

 

Онлайн семинар барысында ғалымдар мен білікті мамандар «Лексикалық минимум және сөздердің қолдану жиілігі: байланысы мен арақатынасы», «Тілдік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы жағдаяттық тапсырмалардың тиімділігі», «Тіл үйретуде заманауи ақпараттық-коммуникациялық теxнологияларды қолданудың әдістемесі», «Шет тілдерді үйрету әдістер: практикалық мысалдар негізінде», «Бастапқы деңгей: сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы сөздік қорды арттыру жолдары», тақырыптары аясында баяндама оқып, семинарға қатысушылар онлайн режимі арқылы өзара тәжірибе алмасатын болады.

 

Онлайн семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындарының мамандары және әдіскер-ғалымдар қатысады.

 

Өтетін орны: «ҚазМедиа Холл» киноконцерт залы. Астана қ., Д.Қонаев көшесі 4

 

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 16 қараша, сағ:15.00

 

Байланыс телефондары:8(7172) 740877, +77014511417

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру