Рухани жаңғыру және түркілік руханият

11.04.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылғы 25 сәуір күні сағат 10.00-де Павлодар қаласы «Достық» мәдениет үйінде жылсайынғы «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» шарасы аясында «Рухани жаңғыру және түркілік руханият» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады.

Конференция мақсаты: Өскелең ұрпаққа көне түркі жазбалары ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті мен білім өресінің қалыптасуына, жаңа жаһандық кезеңдегі тілдің дамуына әсер ететін көрсеткіш болатынын жеткізу.

Конференция барысында түркі бабаларымыздан қалған көне түркі жазуының түп-тамыры туралы ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдар жұмыстарының нәтижелері баяндалып, Еуразияның ұлы даласын ортақ иеленіп, мекендеген түркі халықтарының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмір сүру дағдылары туралы ғылыми негіздемелер нәтижелері ғылыми ортада талданады. Ұлттық кодты сақтауға бағытталған жаңа әліпбиіге көшу барысындағы ғылыми ізденістер бойынша ғалымдар пікірі ортаға салынады. Конференция нәтижелері жалпы оқырман қауым санасындағы ұлттық кодты жаңғыртудағы мағлұматтарын таптырмас мәліметтер мен ғылыми ізденіс нәтижелері арқылы негізделеді.

Конференция жұмысына еліміздің барлық өңірінен түркі жазбалар мен жалпы қазақ жазуының дамуы бағытында ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар, жаһандық кезеңдегі қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, тіл мамандары, Павлодар облыстық жалпы тіл саласына қызығушы азаматтар қатысады.

Ғылыми-практикалық конференция барысында ғалымдар бас қосып, түркі жазбалары тарихы, оның өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық ахуалға әсері мен қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты жаңа емле ережелерін әдістемелері туралы әдіснамалық тұрғыдағы баяндама жасайды. Ғалымдар баяндамаларында көне түркі жазбалары мазмұнының заманауи қазақ тілінің дамуына әсері жайында сөз қозғайды. Ғалымдар мен мамандар арасында ғылыми ой тасталады. Осы арқылы ғылыми-практикалық конференция қазақ тіл білімінің дамуына ықпал етеді.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру