«Мемлекеттік тіл және жастар» телеойыны

03.05.2019

2019 жылдың 29 сәуірінде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар арасындағы «Мемлекеттік тіл және жастар» интеллектуалдық телеойыны өтті.

Шараның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтутәрбиелеу мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту, ата-баба мұрасы ана тілін, түп мәдениетіміз бен руханиятты дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазақ тілі алфавитінің латын графикасына көшуін насихаттау.

Зияткерлік сайыста тіл мен әдебиет, мәдениет, тарих, өнер, қоғамдық ғылымдар саласы бойынша сұрақтар қойылды.

Ұйымдастырылған телеойынға облыстың 9-11 сынып оқушылары және оқытушылары қатысты.

Телеойын қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен І орын иегері Дарынды ел балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының «Болашақ» тобы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «Жалын» тобы екінші орынға және үшінші орынға Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының «Тіл жанашырлары» тобы лайықты деп танылды. Телеойын қатысушыларына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру