Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған мерекелік шара өтеді

17.05.2019

2019 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ресейлік ғылым және мәдениет орталығында  «Түркі-славяндық этномәдени қатынастар: қолжазбалардан ғаламтор-коммуникацияларына дейін» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.Конференцияның мақсаты – қазіргі заманғы еуразиялық кеңістіктегі этномәдени үрдістерді қамтитын славян және түркі тілдерінің өзара қарым-қатынасы, көптілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемелері жайлы, славян және түркі тілдерінің қалыптасуы мен жұмыс істеуінің әр түрлі аспектілері бойынша пікір алмасу.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қоғамдық келісім» РМҰ қызметкелерлері, шет елден келген ғалымдар (Ресей) және Қазақстанның белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен этноағартушылық мектептердің өкілдері, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО-ның студенттері, магистранттар мен докторанттар, мектеп мұғалімдері қатысады.

Конференцияда славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударматану, әдебиеттану салаларындағы белгілі қазақстандық ғалымдар баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Конференция аясында славян филологиясы және тілдік қатынастар  бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады.

23 мамыр күні сағат 17.00-де М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концерт болады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру