Славян жазбалары мен мәдениеті күні

03.06.2019

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Славян  мәдени орталығымен бірлесіп 2019 жылғы 24 мамырда Славян жазбалары мен мәдениеті күніне  арналған шара ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері, Павлодар қаласының мектеп оқушылары және колледж студенттері қатысты.

Іс-шараның ашылуында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова Қазақстанда дәстүр бойынша Славян жазбалары мен мәдениеті күні жыл сайын аталып өтетінін және бұл мереке біздің ұзақ жылдар бойы татулығы жарасып, ынтымақ пен келісімде өмір сүретін көп ұлтты елімізге өзіндік құрметіміз  болып табылатынын атап өтті.

Славян жазбалары күніне орай облысымыздың қалалары мен аудандарында әртүрлі 90-нан астам шара (байқаулар мен викториналар, дөңгелек үстел, конференция, концерттік бағдарламалар, кітап көрмелері сияқты) ұйымдастырылды.

Шара соңында славян халықтарының тілдері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін славян мәдени орталықтарының белсенді мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру