«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық семинар қорытындысының салтанатты жабылу рәсімі

13.06.2019

Ағымдағы  жылдың 11-12 маусым күндері Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында ұйымдастырған «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық шара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін семинар салтанатты түрде өз мәресіне жетті.

Семинардың мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін және қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің құрылымын, ересек тұрғындарды оқыту кезінде қазақ тіліне тән  дыбыстарды жазу нормаларын енгізу бойынша ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін білікті жаттықтырушыларды дайындау және оқыту болып табылады.

Тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің тарихы, жаңа графика және сөзжасам құрамы туралы ақпарат ұсынылды. Оқу барысында заманауи әдістемелік технологиялар қолданылды.

Семинарға қатысқан өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне, облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздарына, мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлеріне сертификаттар ресми түрде табысталды.

Жалпы семинарға барлығы 90 тыңдаушы қатысты.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру