Латын графикасына көшіруді ұйымдастыру жөнінде семинар-кеңес өтті

17.06.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 14 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы, ParkInn қонақүйінің конференция залында «Латын графикасына көшіруді ұйымдастыру бойынша мекемеішілік шаралары» атты қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында түсіндірме семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – жаңа әліпбиді жалпы халық арасында түсіндіру, латын әліпбиін енгізудің мақсатын, тиімділігін насихаттау.

Семинарға мемлекеттік қызметшілер, Ұлттық компаниялар, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі қызметкерлері, сонымен қатар еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарынан да сарапшы ғалымдар шақырылды.

Семинар-кеңес барысында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты жаңа емле ережелерінің мазмұны, құрылымы, меңгеру кезеңдері, оқыту әдістері баяндалды. Жаңа пунктуациялық ереже жобасы да таныстырылды.

Жаңа емле ережелерін филолог мамандар мен әр мекемедегі тіл мамандары үшін оқыту курстары мазмұны бойынша ақпарат берілді.

Семинарды Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас диреторы Ә.Асқар жүргізді. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Е.Тілешов «Жаңа емле: міндеттер және атқарылған жұмыстар», А.Фазылжанова «Қоғамдық өмірдің негізгі салаларындағы мемлекеттік тіл және ұлттық сана», А.Сейтбекова «Жана емлені оқыту курстары», С.Қабылов «Жаңа әліпбиді меңгертудегі IT жобалар» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Семинар жұмысына орталық атқарушы мемлекеттік органдар күштік құрылымдар, ұлттық компаниялар өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар семинар-кеңес мазмұнының маңыздылығын және дер кезінде ұйымдастырылғанын атап айтты.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты мұндай насихаттық және әдістемелік шаралар жалғасын таба беретін болады.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру