​«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды

22.06.2019

Үстіміздегі жылы 21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанаты шарасы өтті.   

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастрған дәстүрлі байқауға 118 автордан 246 материал қабылданды. Журналистер төрт номинация бойынша сынға түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі журналистерден құралған арнай комиссия қарап, бағалады. Байқау қорытындысы бойынша:

«Үздік мақала» номинациясы

І Идигов Атсалим Саламович «Огни Алатау» газеті, сертификат – 500 000 теңге

ІІ Тәжіқұл Қалима Бұхарқызы «Айқын» газеті, сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Есенжол Азамат Есенжолұлы «Астана ақшамы» газеті, сертификат – 150 000 теңге

«Үздік радиобағдарлама» номинациясы

І Берік Бейсенұлы «Qamshy.kz», сертификат – 500 000 теңге

ІІИсаев Жәнібек Мырқыұлы «Kyzylorda-news», сертификат – 350 000 теңге

ІІІМықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлы «Жайық Пресс», сертификат – 150 000 теңге

«Үздік телебағдарлама» номинациясы

І Сарсенғалиев Нартай Аралбайұлы «Qazaqstan», сертификат – 500 000 теңге

ІІ Исабай Әлімжан Сабыржанұлы «Qazaqstan», сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Тұрсынғазина Әсел Тұрсынғазықызы «Хабар», сертификат – 150 000 теңге

«Үздік сайт мақаласы» номинациясы

І Мұхтарқұлова Гүлбану Алпамысқызы «Шалқар», сертификат – 500 000 теңге

ІІ Джунисов Рустем Ержанович «Qazaq radiolary», сертификат – 350 000 теңге

ІІІ Елімсарина Альмира Тілеуханқызы «Qazaq radiolary»           (сертификат – 150 000 теңге) жүлдегер атанды.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының бас жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің журналисті Бекен Қайтұлы жеңіп алды. Жеңімпазға 1 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ шара барысында 2019 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерге Мәденеит және спорт министрі А.Райымқұлованың алғысхаты табысталды. Марапаттау кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру