Жаңа емле ережелерін жетілдіру

01.07.2019

2019 жылғы 27-29 маусымда Жамбыл облысы Меркі ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Тіл-Қазына» орталығы)  «Жаңа емле ережелерін жетілдіру» тақырыбында Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді. 

Екі күндік отырысқа орфографиялық жұмыс тобының мүшелері мен сарапшы ғалымдар қатысты.

Ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасы жарияланғаннан кейін, «Тіл-Қазына» орталығына республиканың ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерінен, тіл мамандарынан көптеген ұсыныстар келіп түсті.

Осы ретте орфографиялық жұмыс тобы отырысының мақсаты жаңа емле ережелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерді талқылау, сараптау, жетілдіру, соның негізінде емле  ережелерін түзету және толықтыру мәселелерін қарастыру болды.

Отырыс барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Айманкүл Алдаш, филология ғылымдарының кандидаттары Қарлығаш Сәрекенова, Айнұр Сейітбекова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Орфографиялық жұмыс тобы сарапшыларының ұсыныс-пікірлері негізінде түзетілген емле жобасы және мақұлданған емле ережелері бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстар туралы баяндады.

 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру