«100 жаңа оқулық»: жобасы аясында 48 кітап қазақ тіліне аударылды

04.07.2019

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша таңдалған оқулықтардың жартысы қазақ тіліне аударылды.

Мамандар әлемнің үздік оқулықтарының мемлекеттік тілде шығуы алдағы уақытта өз жемісін беріп, қазақ оқырманына жаңа леп әкелетініне сенімді. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап бұл оқулықтар жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі.

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы саны 48 оқулық аударылды. Алғашқы 18-ін былтыр таныстырдық. Ол туралы көп айтылды. Ал биылғы жылдың 30 оқулығы қазір аяқталып, оқу орындарына таратыла бастады. Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, еліміздегі 130 жоғарғы оқу орнына таратылады.

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша таңдалған үздік оқулықтардың тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыздар.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру