Алматы қаласында имамдарға арналған семинар өтеді

19.08.2019

2019 жылдың 20-29 тамыз аралығында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Үш байлық» қоғамдық бірлестігі имамдардың біліктілігін жоғарлатуға бағытталған оқыту семинарларын өткізеді.

Семинардың мақсаты: қазақтың салт-дәстүрін білуі бойынша имамдар мен дін қызметкерлерінің білімін жоғарылату және ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Имамдардың біліктілігін жоғарылатуға бағытталған 4 күндік оқыту семинарында дін саласындағы белгілі ғалымдар лекциялар оқитын болады:

  • «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хатран Досымбектың лекциясы 2019 жылғы 20-шы және 27-ші тамыз күндері сағат 10.00 де Алматы қаласының Орталық мешітінде өтеді;
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, дінтанушы Кеңшілік Тышханұлының семинары 2019 жылғы 22 тамыз күні сағат 10.00 да Алматы қаласының Орталық мешітінде өтеді;
  • «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры,филология ғылымдарының докторы, дінтанушы Керім Шамшәдин Тұрсынұлының лекциясы 2019 жылдың тамыз айының 29 күні сағат 10:00 де «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді.

Байланыс телефондары: 8 (727) 293 88 758 (707) 493 28 28

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру