5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні

05.09.2019

Биыл екінші рет Тіл мерекесін 5 қыркүйекте тойлап отырмыз. Атаулы датаның бұл күнге ауыстырылуының да өзіндік себебі бар. 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп тіл жанашыры қазақ әліпбиінің атасына айналған Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар Тіл мерекесін қазақ халқының біртуар азаматының туған күнінде тойлайтын болады.

Айта кетейік, 2017 жылғы қазан айының 31 жұлдызында «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің №689 қаулысымен Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болып ресми бекітілген еді. Бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру