«Nur Otan» тіл саясаты мәселелерін талқылады

24.12.2019

23 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының бейнебайланыс режиміндегі отырысы өткізілді.

Отырысқа жұмыс тобының мүшелері, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жергілікті Тілдерді дамыту басқармалары мен тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеухан төрағалық еткен жұмыс тобының отырысында келесі мәселелер талқыланды:

- «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының қызметі жайлы;

- мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі міндетті кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін заңды түрде бекіту туралы;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңындағы «Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi» деп аталатын 21-баптың орындалуы туралы;

- мемлекеттік тіл оқыту орталықтары жұмысының тиімділігі туралы.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру