Абайдың «Қара сөздері» чех тілінде

10.02.2020

Абайдың «Қара сөздері» чех тілінде сөйлейді. Бұл жұмысты қолға алған жазушы Владислав Кучик алғаш рет кемеңгер ақынымыз туралы Прагада оқитын қазақ студенттерінен естіпті. Бірақ Абай шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келгенде, чех тіліндегі туындыларын таппай қалған. Сөйтіп өлеңдері мен қара сөздерін туған тіліне аударып, кең жұртшылыққа таныстыру ойы келеді. Жазушы аудармасын тамыз айында аяқтауды көздеп отыр. Ал күзде Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітаптың ресми тұсаукесері өтеді.  

ВЛАДИСЛАВ КУЧИК, ЖАЗУШЫ:  

- Абайдың чех тіліндегі туындыларын іздеп, антиквар дүкенінде 1969 жылы шыққан жалғыз кітапты таптым. Оның шығармашылығы мені шынымен қызықтырады. Абай XIX ғасырда достық, адамгершілік пен  адам баласына тән жаман қылықтар туралы жазған. Қанша уақыт өтсе де, бұл қағидалары мен ақылдары әлі күнге дейін өзекті.

 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру