Болгарияда Абай атындағы мәдени-ағарту орталығы ашылады

10.02.2020

Болгарияда Абай атындағы мәдени-ағарту орталығы ашылады. Бұл жерде кез келген адам ұлы ақынның туындыларын оқумен қатар, Қазақстан мәдениетімен де таныса алады. Тағы бір айта кетерлік мәлімет, Абайдың 175-жылдық мерейтойына София қаласының ұлттық кітапханасы да дайындалып жатыр. Мұнда кемеңгер ақынымызға арналған жеке экспозиция ұйымдастырылады. 

ГҮЛНӘР ӘЛІМХАНОВА, СОФИЯ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Софияның қақ ортасында, ең көрікті жерлерінің бірінде осындай бұрыш пайда болғанына өте қуаныштымыз. Кітапханаға келіп қазақ әдебиетін оқып, отаныңды еске алуға болады. Туған жеріңе деген сағынышыңды басасың. Бұл керемет қой.

НАТАЛЬЯ ПИСКОВА, СОФИЯ ҚАЛАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫСЫ:

 

 

 - Жергілікті тұрғындар арасында болгар тіліне аударылған Абайдың «Қара сөздері» үлкен қызығушылыққа ие. Бұл кітап – Ұлы ақынның басты мұраларының бірі. «Қара сөздер» 2008 жылы болгар тілінде басылып шықты.

 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру