Павлодарда латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды

11.02.2020

2020 жылдың 10 ақпанында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары және қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.

Шараның мақсаты - жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, суретке қарап сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады. Сол сияқты тіл дамыту сабақтарында мақал-мәтелдерді, әндерді қазақ тілінде тыңдайды.

Жалпы курстарға жылдың соңына дейін 440 адам қатысатын болады.

Курсқа 61-84-88, 32-62-37 телефондары арқылы жазылуға болады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру