Мақала жазып, қаламақы ал!

14.04.2020

"Тіл-Қазына" орталығы карантин кезінде қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданылым аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйіткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін түсін түзету ортақ міндет.

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағы, «Терминологиялық хабаршы» және «Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетендері әзірленеді. Мемлекеттік тілдің маңызды салаларын қамтитын басылымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция қаламақысын төлей отырып, мақала қабылдайды.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
    • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
    • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
    • Мақала атауы бас әріптермен, автор туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесіғ суреті) жазылады;
    • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
    • Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2020 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.

 

 

МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

 

  • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электрондыжурналдар <i "="">«Tilalemi.kz», <i "="">«Termincom.kz» және <i "="">«Atau.kz» сайттарында орналастырылады.

 

Жалпы ереже сілтемеде https://drive.google.com/open?id=1L6HfdEdlovNp6BZo... толық берілген.

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-43, 8-701-109-76-14

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру