Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айшықталды

16.04.2020

«Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбындағы онлайн курс бүгін «Мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторлары мен міндеттері» тақырыбында өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бескүндік онлайн курстің кезекті санында:

  • Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, оларды іске асыру тетіктері;
  • негізгі нысаналы индикаторлар мен олардың түсіндірмелері, индикаторлардың нәтижелі көрсеткіштерінің талдамасы;
  • орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бағдарлама міндеттерін орындаудағы үлестері;
  • латын графикасына көшу үдерісі, өңірлерде атқарылатын шаралар мазмұны;
  • алдыңғы мемлекеттік бағдарламамен сабақтастығы, қазақ тілін жетілдіру бойынша жаңа ұстанымдар, жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдану жолдары;
  • қазақ тілін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттар мен жаңа көзқарастар, оқыту орталықтарының әлеуетін арттыру жолдары;
  • қазақ терминдерін қалыптастыру мен ономастикалық атауларды жетілдіру бағыттары және Мемлекеттік бағадарламадағы өзге де мәселелер сөз болады.

Онлайн шараға Тіл саясаты комитетінің Тіл саясаты басқармасының басшысы А.Қожабек, Латын графикасына көшіруді сүйемелдеу басқармасының басшысы Г.Мұқанова, "Тіл-Қазына" орталығының қызметкерлері, өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлер мен оқытушылардан жинақталған 130 маман қатысты.

Курс барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша маңызды, заңды сауалдардың жауабын алды. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысты.

Айта кетейік, онлайн курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINE-da bol парақшасында сағат 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру