«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары
- Жалпы ережелер
- Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының
(бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген. - Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.
- Конкурс төрт номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».
- Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
- Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. - Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың IІ тоқсанының басында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
- Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Комитетке 2020 жылғы 5 маусымға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
2) 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 3 маусым аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;
3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
- Конкурс Қағидасының 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
- Комитетке ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
- Қорытынды ережелер
- Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
- Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі
10 жұмыс күн ішінде ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Өтінімді 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен хаттарға арналған жәшікке салсаңыз немесе тікелей жауапты маманға берсеңіз болады.
.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 27-71-33, 74-01-35, 74-14-97
_________________________
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық конкурсын өткізу
қағидаларына қосымша
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
конкурсына қатысу үшін өтінім
- Т.А.Ә. _______________________________________________________
- Жасы ________________________________________________________
- Білімі_________________________________________________________
- Жұмысы______________________________________________________
- Мекенжайы___________________________________________________
- Байланыс телефондары_________________________________________
- Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
|
- Қосымша ақпарат ______________________________________________
Қолы
Күні