Тіл мамандарының онлайн семинары өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренингтің мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені зерделеу және оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданысқа енгізу.
Семинар-тренингке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, ғалымдары мен тіл мамандары қатысады.
Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологияларымен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтарын онлайн режимде көрсетеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, 303 қаб.
Өтетін уақыты: сағат 9.30
Байланыс телефондары: 8(7172) 74-08-77, 40-83-67, 8 747 031 16 32