Қазақ терминологиясына қатысты онлайн-семинар өтті

30.04.2020

Онлайн-семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бақытгүл Ысқақ жүргізді. Онлайн-семинарға электрондық алаңның тұрақты қолданушылары ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі Мұхамбедия Ахметов, «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық байқауының жеңімпазы Серік Ерғали, ІТ саласының мамандары Бейбітжан Худабай мен Сымбат Әбдіқұл қатысты. Тұрақты қолданушы М.Ахметов электрондық алаңға кіру және онда ұсыныс білдіруге қатысты біршама уәжді пікірлерін айтты. Ал С.Ерғали онлайн-байқау кезінде алаңның қызметтері бойынша туындаған қиындықтар жөнінде ойларымен бөлісті. Онлайн-семинарға тәуелсіз сарапшы болып шақырылған ІТ саласының мамандары С.Әбдіқұл мен Б.Құдабай алаңның құрылымы мен техникалық мүмкіндіктеріне қатысты тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды. Онлайн-семинарға қатысушылар электрондық алаңның терминология саласында алатын орнының ерекше екендігін айта келіп, онлайн-семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта онлайн-семинарда айтылған ұсыныстар негізінде «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы жетілдірілетін болады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру