Латын графикасына көшкенде, сөздерді ықшамдап жазу не үшін керек?
Бүгінгі дәрісті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Нұрсәуле Рсалиева «Жазу неге ықшам болу керек?» деген тақырыпта өткізді.
Дәріс барысында ағылшын тілінің жазу реформасы мен тілдегі сөздердің ұзақтығы талданды, сонымен қатар қазақ тілінде сөздерді ықшамдап жазу не үшін керек деген мәселе көтерілді және тіліміздің сөздік қорын жасанды сөздермен көбейтудің қажет емес екендігі айтылды. Ғалым: «Тілді шұбалаңқы ететін нәрселер – и мен у-ды таратып жазу, сөздерді шамадан тыс біріктіру»,- деген пікірде.
Дәрісті онлайн режимінде 74 адам тыңдап, сұрақтар қойды. Дәріс соңында көкейде жүрген сауалдарға пікірлер айтылды. Онлайн курс Facebook әлеуметтік желісінде ONLINEda bol тобы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Дәрістің толық нұсқасы төмендегі сілтемеде берілген.
https://www.facebook.com/groups/884732365309226/permalink/914810358968093/?sfnsn=mo&d=n&vh=i